Педагог қызметкерлерді аттестаттау-педагог қызметкердің кәсіби деңгейінің олардың лауазымдық міндеттеріне сәйкес алдын ала әзірленген және бекітілген өлшемшарттар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Бұл қолданыстағы немесе жоғары педагогикалық санатты растау үшін жасалған арнайы шеберлік сынағы. Әдетте ол әр 5 жыл сайын өткізіледі, сонымен қатар ҚР педагог қызметкерлерінің мерзімінен бұрын аттестатталуы да мүмкін.

Педагогтарды аттестаттаудың басты мақсаты білім беру қызметтерін көрсету сапасын арттыру, мұғалімдерді ынталандырудың жаңа заманауи тетіктерін енгізу, олардың педагогикалық және жеке тұлғалық өсуі үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Педагогтарды аттестаттау: ұлттық біліктілік тестілеуді және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін қамтиды. Білім беру басшысының орынбасарларын аттестаттау біліктілік бағалаудан және қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтаудан тұрады. Ал білім беру басшыларын аттестаттауға ұлттық біліктілік тестілеу, біліктілік бағалау және қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау кіреді.

Біздің мектептің педагогтары 2020 жылдың 01 ақпанында басталған педагог қызметкерлерді аттестаттау рәсіміне қатысты. Мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген бес педагогтің екеуі ұлттық біліктілік тестілеуінен сәтті өтіп, енді екінші кезеңге дайындалуда – озық педагогикалық тәжірибені жинақтау рәсімінен өтіп, портфолио дайындауда.

Әріптестерімізге кезекті сынақта табыс тілейміз!

НАШИ  КОНТАКТЫ

150800, Республика Казахстан
район Магжана Жумабаева, г.Булаево
улица Мира, 8

+7 (71531) 2-81-89

jumabaevroo2007@rambler.ru

РАСПИСАНИЕ  ЗВОНКОВ

1 УРОК 8:00 - 8:45 14:00 - 14:45
2 УРОК 8:55 - 9:40 14:55 - 15:40
3 УРОК 10:00 - 10:45 16:00 - 16:45
4 УРОК 11:05 - 11:50 16:55 - 17:40
5 УРОК 11:05 - 11:50 16:55 - 17:40